Bugin

"Мектептегі таяқ". Қыздардың ер баланы ұрған әрекеті видеоға түсіп қалған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан скрин

Мектеп бітіруші түлектер ер баланы әбден соққының астына алған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Көптің жағасын ұстатқан видео әлеуметтік желіде тарады.

Мектеп бітірген қыздар өз парақшаларына бір баланы тоқпаққа алған видеосын салып қойған. Одан бөлек, олардың жанында тағы бір ер бала болғаны байқалады. Бейресми деректерде оқиғаның Алматыда болғаны айтылған.

"Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмаған күдіктілер полицияға жеткізілді. Қазір олардың ата-аналарының қатысуымен тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Істің өзге мән-жайы анықталып жатыр", – делінген полиция хабарламасында.