Bugin
Фото: gtrkamur.ru
Астанада оқушы қызға түрлі пышақ жарақаттары салынған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы buzyqmedia телеграм арнасына сілтеп.
Алдын ала ақпарат бойынша қыздың Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-ші сынып оқушысы екені белгілі болды. Желідегі ақпаратта қызды кездесіп жүрген жігіті пышақтап кеткен. Қыз баланың іші, бөксесі, қолы мен мойнынан жарақат алғаны айтылған.
Күдікті ұсталып, үстінен “Кісі өлтіруге оқталу” бабымен іс қозғалған.
“Жарақат алған оқушы қыз №2 көпсалалы ауруханада ем қабылдап жатыр. Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері қыздың алдыңғы құрсақ бөлігінен көп жарақат алғанын мәлімдеді. Қазіргі таңда құрсақ бөлігіне ота жасалды. Жағдайы ауыр, бірақ тұрақты”, – деп жазды телеграм-арнада.