Bugin
Фото: Lada.kz
Жаңаөзенде №10 жалпы білім беретін мектептің түлектері мұғалімге пәтер алып берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Lada.kz-ке сілтеп.
Пәтер алып берген - 2004 жылы мектеп бітірген түлектер. Олар мектеп бітіргеніне 20 жыл толуына орай «Көмек Жаңаөзен» қайырымдылық қорымен біріге отырып, физика пәні мұғаліміне пәтердің кілтін табыстауды жөн санаған.
Түлектерге физика пәнінен сабақ берген Гүлнар Қарақойшиеваға үш бөлмелі пәтер иесі атанған. Ұлағатты ұстаздың 40 жылдан астам уақыттан бері мектепте қызмет етіп жатқаны белгілі болды.