Bugin
Фото: about-tea.ru
Технолог маман жаз мезгілінде адам бойын салқындататын сусындарды атады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы lenta.ru-ға сілтеп.
Тағамтану технолог маманы Людмила Румянцева үйде дайындалған лимонадтар мен салқындатылған кофе аптап ыстықта таптырмас сусын екенін жариялады.
«Муч лосось» сервисінің бас технологы жазда көпшіліктің іздейтін сусындарының қатарына суық шайды қосты. Оның айтуынша, мұздатылған шай ыстықтан құтылуға көмектеседі, өйткені ол шөлді қандырады. Маман сөзінше, қара шайдың да құр өзін ішу дұрыс емес екен. Қара шайға таңқурай немесе цитрус жемістерін араластыру ал жасыл шайға құлпынай, алма немесе алмұрт қосып ішу ерекше дәм сыйлайды. Шөлді қандыратын сусынды даярлау өте оңай. Шайды қайнатып, тоңазытқышта бір-екі сағатқа қалдырған дұрыс Сусын өз дәмін жоғалтпай, сергектік сыйлайды.
Технолог маман лимонадты сатып алғанша әзірлеген ең тиімді шешім екенін атап өтті. Людмила Румянцеваның кеңесі бойынша цитрус жемістері аптап ыстықта сергітеді және ағзаны витаминдермен қоректендіреді.
Тағы бір шөлді басатын сусын - вьетнамдық мұздатылған кофе. Маманның айтуынша, бұл жаздың аптап ыстығы таңына жарайтын тамаша алкогольсіз сусын. Оны дайындау үшін қоюландырылған сүт, мұз және жаңа ұнтақталған кофе қажет.