Bugin
Фото: Скриншот Google Карта
Қазақстандық сейсмикалық бақылау құралдары Қытайда болған кезекті жерасты дүмпуін тіркеді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы
Сейсмикалық станциялар желісінің ақпаратына сәйкес, жер сілкінісі 27 мамырда Астана уақыты бойынша сағат 03:19-да болған.
"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 291 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық класы - 9,6. MPV, магнитудасы - 4,1", - делінген хабарламада.
Қазақстан аумағында сезілгені туралы ақпарат жоқ.