Bugin
Фото: Жайық өзені. видеодан скриншот
Атырау облысының төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы Жайық өзеніндегі су деңгейі бойынша 27 мамыр 08:00-дегі мәліметті жариялады,- деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі.
26 мамыр сағат 8:00 салыстырғанда:
- Индербор ауылында су деңгейі 7 см төмендеді, су деңгейі – 975 см, шекті деңгейі 845 – см;
- Махамбет ауылында су деңгейі өзгеріссіз, су деңгейі – 1020 см, шекті деңгейі – 850 см;
- Атырау қаласында су деңгейі 3 см көтерілді, су деңгейі – 598 см, шекті деңгейі – 550 см;
- Жаңаталап ауылында су деңгейі 1 см көтерілді, су деңгейі – 431 см, шекті деңгейі – 500 см;
- Еркінқала ауылында су деңгейі 1 см көтерілді, су деңгейі – 388 см, шекті деңгейі – 450 см.
Атырау облысына қарасты Жайық өзенінің су деңгейі шектік деңгейден асып тұр.