Bugin
Фото: Алматы облысы әкімдігі
Алматы облысының Кеген ауданында жол апаты болып, 13 адам ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Облыс әкімдігінің мәліметі бойынша, жол апаты 27 мамыр күні сағат 10:20-да болған. "ҚазАвтоЖол"-ға қарасты "Аласа" асуындағы күрделі жол бұрылысында автобус жолдан шығып кеткен.
"Оқиға орнына дереу Кеген ауданынан екі жедел жәрдем бригадасы шықты. Автобуста 37 адам болған. Кеген аудандық ауруханасына 5 адам, Жалағаш аудандық ауруханасына 4 адам, Шелек ауылына 4 адам жеткізілді", - делінген облыс әкімдігі таратқан хабарламада.
Оқиғаның нақты себебі әлі белгісіз, тергеу жүргізіліп жатыр. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты.