Bugin

Келіншек 36 жылдан кейін анасымен қауышты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

"Көреміз" бағдарламасына Айдана есімді келіншек анасын іздеп келген еді. Бағдарлама тілшілері Айдананың анасын тапты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Айдана Естенбаеваның анасы 36 жыл бұрын перзентханада баласын тастап кеткен. Есімін "Марианна" деп атаған екен. Асырап алған ата-анасы сәбидің есімін "Айдана" деп  қойған. 

"15 жасымда босанып, тастап кеттім. Ол кезде Марианна деген қыз болды. Өте өжет, мықты. Сол үшін атын солай қойдым",- дейді Айдананың биологиялық анасы.

Еске салайық, бұған дейін анасын іздеген келіншек туралы хабарлаған едік.