Bugin

Өзі жеткізген шығар: Бишімбаевты ұстауға барған полиция қызметкерлері жазаланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Жоғары сот

Астанада Қуандық Бишімбаевты ұстау кезінде бірінші тергеу жасаған екі полиция қызметкері жазаланды,- деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

"Қызметтік тәртіпті бұзғаны үшін Астана патрульдік полиция полкі қызметінің инспекторына сөгіс жарияланды",- делінген Ішкі істер министрлігі таратқан ақпаратта.

Естеріңізге сала кетейік, полиция қызметкері Бишімбаевты ұстаған кезде Салтанат Нүкеноваға қатысты "осы жағдайға жеткізген өзі ме?" деп сұрағаны видеоға түсіп қалған. Бұл видео 8 сәуірде сот талқылауы барысында көрсетілді. Осыдан кейін әлеуметтік желіде қызу талқыға түскені белгілі. Министрлік кінәлілерге сөгіс жарияланғанын айтты.