Bugin
Фото: depositphotos.com
Әйелімен ажырасып кеткен ер адам өз баласын шетелге алып қашқан. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Баланы әкесі анасының рұқсатынсыз Түркияға Өзбекстан арқылы алып кеткен. Одан кейін әйел полицияға жүгінген.
Ведомство хабарламасында:
"Қазақстан Республикасы ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросы түрік әріптестерімен және Анталиядағы қазақстандық консулдықпен бірлесіп, 3 жасар баланы елге қайтарды",-делінген.
Қазіргі уақытта бала анасымен бірге Қазақстанда.