Bugin
Фото: Жайық өзені. Атырау облысының жедел штабынан
Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Атырау маңындағы 1-5 нөмірлі учаскелерге қауіп төніп тұр. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Атырау облысының жедел штабына сілтеме жасап хабарлайды.
Төтенше жаңдайлар департаменті басшысының орынбасары Руслан Шариевтің айтуынша, қазіргі уақытта су Алмалы және Бесікті ауылдарына жақындады.
Руслан Шариев:
"Бүгінде елді мекендерде тәулік бойы кезекшілік жүргізіліп, қорғаныс бөгеттері шатырмен (шифер) қосымша бекітіліп жатыр. Дамбылар қосымша биіктетіліп, арналар тереңдетіліп жатыр. Ағынды су Атыраудың солтүстік бөлігіндегі барлық елді мекенге қауіп төндіруде", - деді.
тырау мен оның маңында қорғаныс бөгеттерінде тәулік бойы кезекшілік жүргізілуде. Жағалауды нығайту жұмыстарына ТЖМ, Қорғаныс министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен еріктілер жұмылдырылды.