Bugin
Фото: aqorda_resmi
Қазақстан Президенті Астанаға ресми сапармен келген Түрікменстанның Сыртқы істер министрі Рашид Мередовті қабылдады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы қазақ-түрікмен қатынастарының қазіргі жай-күйіне оң баға берді.
"Біз Түрікменстанды сенімді стратегиялық серіктес және тарихи тұрғыдан туыс мемлекет ретінде қарастырамыз. Шын мәнінде, соңғы жылдары елдеріміз арасындағы ынтымақтастық қарыштап дамып, соның ішінде экономиканың стратегиялық салалары тың қарқын алды",- деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев орайлы сәтті пайдалана отырып, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов пен Түрікмен халқының ұлттық көшбасшысы, Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовке ізгі тілегін жолдады.