Bugin
Фото: freepik.com
Біз ақша үнемдеу керегін білеміз. Бірақ қалай үнемдеу керегін ескере бермейміз. Bugin.kz порталы ақшаны үнемдеудің 3 жолын ұсынады.
1. Ертең көбірек үнемдеңіз Экономист Шломо Бернаци қорқыныш – үнемдеуге кедергі келтіретінін айтады. Біз өзімізге "келесі жалақыдан міндетті түрде ақша жинаймын" деп айта береміз. Бірақ сөзімізде тұрмаймыз. Сіздің ішіңіздегі қаржылық кешіктіруді тоқтату үшін Бернази "Ертең көбірек үнемдеңіз" принципін қолдануды ұсынады.
Бұл өте қарапайым. Сізге әр жалақыдан 3% ғана үнемдеу керек. Мұны кез келген адам жасай алады. Ал табысыңыз артқан сайын сіз үнемдейтін қаражаттың пайызын көбейте аласыз.
Иә, сіз бүл үнемдеу тәсілі арқылы керемет қаражат жинай алмайсыз, бірақ сіз алғашқы қадамды жасай аласыз және үнемдеу соншалықты қиын емес екенін түсінесіз.
2. Кезең бойынша үнемдеңіз
Экономистер ақшаны кезең-кезеңімен үнемдеуді ұсынады. Мысалы сіз бұл жолы жалақыңыздың 3%-ын үнемдесеңіз, келесіде 4%, 5%, 6%-ын үнемдей бересіз.
Бұл сіздің қарызға кіріп кетуіңізден сақтайды әрі оңай жиналады.
3. Банк жинақтарына сеніңіз
Өзіңіз қаражатты үнемдей алмайтыныңызға сенімді болсаңыз, банк жинақтарына қаражат аударыңыз. Немесе жалақыдан автоматты түрде алып қалатындай қосымша орнатыңыз. Сіз 3-5% кірісті ауыртпалықсыз бастай аласыз және бірте-бірте жарналар мөлшерін көбейте аласыз.
Дереккөз: "Лайфхакер" сайты