Bugin

Алматыда жас жігіт мешітте ұрлық жасаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: dzen.ru

Жас жігіт мешіттердің бірінде ұрлық істеген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ер адам өткен жылдың қысында мешітке келушілердің жеке мүлкін ұрлап отырған. Оның бейнесі әлеуметтік желіде тарап кетті.

Оның заңсыз әрекеті мешіттегі бейнебақылау камерасына түскен. Ұрлық істеген жігіт сотталды. Ол өз кінәсін толық мойындаған.

Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты айыпталушыға қауіпсіздігі орташа мекемеде 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындағанын хабарлады.