Bugin

Көлік жүргізушісі велосипед айдаған бірінші сынып оқушысын қағып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: flectone.ru

Ақтөбеде көлік жүргізушісі велосипед айдап жүрген баланы қағып кеткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеп.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан бірінші сынып оқушысы медициналық мекемеге жеткізілген.

Оқиға Ақтөбедегі көпқабатты үйдің ауласында болған. Полиция дерегінше, Toyota автокөлігінің жүргізушісі тұрақтан шығу кезінде тұрғын аумақта велосипедпен жүрген кішкентай балаға жол бермеген. 

"Көлік жүргізушілері ауладан шығу кезінде қасынан велосипедшінің өтетініне дайын болуы керек. Велосипедші жаяу жүргіншіге қарағанда жылдамырақ, өйткені ол шамамен 20-30 км/сағ жылдамдықпен қозғалады. Әсіресе іргелес тұрған үйлердің арасы немесе арка арқылы шығу кезінде жүргізушіге барынша мұқият болу қажет. Себебі мұндай жағдайларда велосипедшіні алдын ала байқау мүмкіндігі өте аз, дәлірек айтқанда, тіпті нөлге тең", – деп атап өтті Ақтөбе облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдос Құлжанов.