Bugin
Фото: myslo.ru
Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райы күрт өзгеріп, суытады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қазгидромет 28 мамыр күнгі күн райы болжамын жариялады.
Синоптиктер еліміздің батыс өңірлерінде күн ашық болатынын хабарлады. Еліміздің қалған аумақтарында атмосфералық ағындар әсерінен күн әлі де құбылмалы болмақ. Сол себепті жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Түнде еліміздің солтүстік-шығысында, шығысында қатты жаңбыр жауады. Қазақстанның солтүстігінде, орталығында жаңбыр жауады. Республика бойынша екпінді жел соғып, солтүстікте, шығыста бұршақ жауады, дауыл тұрып, солтүстік-батыста, шығыста түнде тұман түседі.
Ал Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Ұлытау, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының солтүстігінде, Солтүстік-Қазақстан, Қостанай облыстарының батысында, оңтүстігінде Алматы облысының таулы аудандарында 1-3 градус үсік жүреді.