Bugin

Құйынды дауыл салдарынан жеті адам көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Fox 4

АҚШ-та құйынды дауыл салдарынан бірнеше адам қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Fox-қа сілтеп.

Техас штатының солтүстігінде алапат құйын кем дегенде жеті адамның өмірін жалмады деген ақпарат тарады. Ел билігі құрбандар санының артуы мүмкін екенін жазуда. 

Fox басылымының мәліметінше, ондаған адам әртүрлі дәрежедегі жарақат алған. Қаза тапқандардың екеуі бала екені белгілі болды.

Алапат құйын жанармай құю бекетін толықтай жойып жіберген.