Bugin
Фото: pixabay
Елімізде темекі бағасы қымбаттамақ. Бұл туралы Ашық НҚА порталында белгілі болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Елімізде 2024 жылдың 1 шілдесінен темекі өнімдерінің бағасы 50 теңгеге қымбаттамақ. 2024 жылғы бекітілген баға - 770 теңге.
"Темекі өнімдеріне 2024 жылғы 1 шілдеден бастап 820 теңге мөлшерінде ең төменгі бөлшек сауда бағаcы белгіленсін", – делінген Қаржы министрлігінің түсіндірме жазбасында.
Ал келесі жылы баға тағы 50 теңгеге көтеріліп, 870 теңге болатыны белгілі болған.
"Атамекен" ҰКП 20 фильтрлі, фильтрсіз сигаретке, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төменгі бөлшек сауда бағаны көтеру ұсынды", – делінген порталдағы құжат жобасында.