Bugin
Фото: dzen.ru
Ғалымдар жаз мезгілінде қандай түсті киімді кию керектігін анықтады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы marieclaire сайтына сілтеп.
Ғалымдар дәлелдеуінше, ақ түс жоғары температура үшін ең қолайлы түс болып саналады. Өйткені ақ түс қара және өзге түстерге қарағанда ыстықты сіңіруге бейім емес әрі денені салқын ұстайды.
Ғылыми зерттеуді жүргізу барысында манекендерге кигізілген киімдер әртүрлі түсте болған. Киіннен барлық киім бірдей температурада болған. Арада біраз уақыт өткен соң ақ түсті жейденің температурасы 30 градус болған. Ал зерттеу кезінде қара жейденің температурасы 50 градустан жоғары болғаны анықталды.
Одан бөлек, ақшыл сұр, сары және қызыл түстер де оң нәтиже көрсеткен. Ғалымдар аптап ыстықта күлгін, көк пен қанық түстес киімдерді кимеуге кеңес береді.