Bugin
Фото: Жайық өзені. Атырау облысының жедел штабынан
Атырау облысының төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы Жайық өзеніндегі су деңгейі бойынша 28 мамыр 08:00-дегі мәліметті жариялады,- деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі.
Индербор ауылында су кешегіден 7 см-ге төмендеді. Шекті деңгейі – 845 см болса, қазір су деңгейі – 968 см. Махамбет ауылында су деңгейі өзгеріссіз. Судың шекті деңгейі – 850 см болса, қазір су деңгейі – 1020 см. Атырау қаласында су деңгейі 2 см-ге көтерілді. Шекті су деңгейі – 550 см болса, қазір су деңгейі – 600 см. Жаңаталап ауылында су 1 см-ге көтерілді. Жаңаталапта су шекті деңгейге жетпеген. Еркінқала ауылында су 1 см көтерілген. Алайда мұнда да су деңгейі шекті деңгейден төмен.