Bugin

Қазақстандағы тасқын: қоймаларда қанша су жиналды?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Су ресурстары және ирригация министрлігі Қазақстанның су қоймаларына қанша тасқын суы жиналғаны туралы ақпарат таратты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Биылғы су тасқыны кезінде Қазақстанның су қоймаларына 12 миллиард текше метрден астам су жиналған. Жиналған су экономикалық қажеттіліктері үшін пайдаланылады.

"Еліміздің су шаруашылығы суды қауіпсіз өткізуді қамтамасыз етті. Тасқын суын соңғы жылдары құрғап қалған сағаларға, көлдерге және басқа да су айдындарына жіберуге мүмкіндік берді", – деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов.