Bugin
Фото: Оқиға орны. видеодан скриншот
Ұлытау облысында 5 жасар қыз абайсызда 5 адамды көлікпен қағып кеткен. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Ұлытау облысының полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
Көлікте отырған 5 жасар бала қол тежеуішін алып тастаған. Салдарынан көлік артқа жүріп, бірнеше адамды қағып кетті. Жаяу жүргіншілер түрлі дене жарақатын алған. Оқиғаны мына сілтемеге өтіп көре аласыздар.
Ұлытау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға туралы:
"Полицияда жағдай тіркелді, зардап шеккендер жоқ, көлікте отырған бес жасар баланың қол тежегішін алып тастағаны анықталды. Жаяу жүргіншілер түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды", - деп мәлімдеді.
Ұлытау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ауруханаға 4 адамның түскенін хабарлады. Ауруханаға түскен төртеуінің де ішкі ағзасы көгерген. Ер адамның қабырғалары сынған.
Полиция істі тергеуді бастады.