Bugin
Фото: depositphotos
Оралда кірпіш зауытының жұмысшысы жұмыс орнында қаза тапты. Ер адам станокқа қысылып қалған, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
"Мой город" жазғандай, оқиға 27 мамырға қараған түні болған. Зардап шеккен жұмысшы жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Ер адамның өлімінің мән-жайын арнайы комиссия анықтап жатыр.
Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті жұмысшының қазасы туралы ақпаратты растаған.
"Полиция зауыт жұмысшысының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады. Сараптама тағайындалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады БҚО ІІД баспасөз қызметі.
Дәл осындай оқиғалар жиі қайталанып тұрады. Кәсіпорын басшылығы жауапкершілікті мойындай бермейді.