Bugin

"Марқұм 18 жаста еді": Ақтөбедегі атыста сегіз адам жарақат алған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Бүгін, 28 мамырда әртүрлі ауырлықтағы пышақ және оқ жарақаттарымен 9 науқас Ақтөбедегі көпсалалы облыстық ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі “Диапазон” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық аурухананың дәрігері Жасұлан Орынбаев:

"Түнгі сағат 2-де жас жігітті белгісіз біреулер клиникалық өлім жағдайында ауруханаға жеткізді. Ол дереу жансақтау бөліміне жатқызылды. Реанимациялық шаралар жүргізілді, бірақ нәтиже болмай, науқас қайтыс болды. Марқұм 18 жаста еді", - деді.

Жарақат алған 8 науқас 18-22 жас аралығындағы адамдар. Оларды ауруханаға полиция және жедел жәрдем қызметкрелрі алып келген.

Қылмысқа қатысты 4 күдіктіні ұстады. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Адам өлтіру және бұзақылық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында:

"Қылмыстық тергеп-тексеру барысы Ақтөбе облыстық полиция департаменті бастығының жеке бақылауында", - делінген.