Bugin
Фото: Жоғарғы Сот
Полиция адвокат Ерлан Ғазымжановтың арызы бойынша қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ғазымжанов Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға сотталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты қорғаған еді. Ол өзін белгісіз адамдардың қорқытқанын айтып арызданған.
Ішкі істер министрлігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, елорданың Сарыарқа аудандық полиция бөлімі Ғазымжановтың өтініші бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 409-бабының 2-бөлігі (Қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері) бойынша қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеуді бастаған. Қазір іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қорытындысы бойынша шешім қабылданады.