Bugin
Фото: depositphotos
Ақтауда биіктігі шамамен 3-4 метрлік теңіз жағалауындағы жартастан 12 жастағы бала құлап кетті, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Жартас 4 "А" шағынауданындағы "Каспиан Ривера" қонақ үйінің артында орналасқан.
Құтқарушылар 2012 жылы туған баланы құтқарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған. Облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының қызметкерлері дер кезінде оқиға орнына барып, баланы облыстық балалар ауруханасына жеткізген.
Дәрігерлер баланың миын компьютерлік томографияға түсірді. Диагноз бойынша бас миының жабық жарақаты мен шайқалуы анықталған.
Қазір жасөспірімнің жағдайы тұрақты.
"Қазір науқас балалар ауруханасының травматология бөлімінде. Ем тағайындалып, емделіп жатыр. Дәрігерлер баланың жағдайы тұрақты бақылауда екенін жеткізді", - дейді облыстық балалар ауруханасының баспасөз