Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Жоғалған қыз. "Лидер.кз" еріктілерінен алынды
Алматы облысында 13 мамыр күні жоғалған жасөспірім туралы ақпарат шықты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі “Lider.kz” еріктілерінің желідегі жазбасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қыз Қарасай ауданы, Исаев ауылындағы Сүйінбай көшесі 203 мекенжайынан белгісіз бағытқа кеткен. Ол мектептен шығып, үйіне оралмаған.
"Лидер" еріктілерінің хабарламасында:
"Бойы – 155-160 см, орташа денелі, көзі – қоңыр, мұрнының үстінде қалы бар. Үстінде қара былғары күрте, ақ жейде, қара шалбар, ақшыл аяқ киімі бар",-делінген.
Еріктілер бүгін, 28 мамырда қыздың аман-есен табылғанын хабарлады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61