Bugin

Тимур Құлыбаевтың "Халық" қайырымдылық қоры су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлеуді бастады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Баспасөз қызметінен

Биыл елімізде бұрын-соңды болмаған су тасқыны болып, халықты әбігерге салды. Оннан аса облыста жер үйлер мен қора-қопсы топан судың астында қалып, халық баспанасынан айырылды. Күрделі кезеңде барша қазақ елі жұдырықтай жұмылып, зардап шеккендерге қол ұшын созды,-деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі.

Құрылтайшысы меценат Тимур Құлыбаев бастаған "Халық" қайырымдылық қоры облыс әкімдіктерінің жедел штабтарына жан-жақты қаржылық және материалдық қолдау көрсете отырып, апатқа қарсы күреске белсене қатысып жатыр.

Президент те су тасқынын "бұрын-соңды болмаған үлкен табиғи апат" деп атап, жауапты сәтте бизнесмендерді халыққа қол ұшын созуға шақырған болатын. Тоқаевтың үндеуін назардан тыс қалдырмаған "Халық" қорының құрылтайшысы Тимур Құлыбаев 31,4 млрд. теңге аударды.

Тимур Құлыбаев:

"Су тасқынынан зардап шеккендерге, табиғи апат салдарынан баспанасынан, мүлкінен және күнкөріс құралдарынан айырылған отандастарымызға жанашырлық танытып отырмыз. Біз зардап шеккен аймақтарда қалыпты өмірді қалпына келтіру үшін алғашқы күннен бастап барынша көмек көрсетіп жатырмыз. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен барлық қиындықтарды бірге жеңетінімізге сенімдімін", - деді .

Айта кетейік, "Халық" қайырымдылық қоры Halyk Bank-пен бірлесіп, кешеден бастап Атырау облысы Құлсары қаласында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға атаулы қаржылай көмекті төлей бастады. "Халық" қоры зардап шеккендердің тізімін жасауға қатыспайды. Залалды бағалауды тәуелсіз сарапшылар жүргізеді, тізімдерді зардап шеккендерден алынған өтініштер негізінде әкімдіктердің жедел штабы жасайды.

Өтемақыны қалай алуға болады?

Бөлінген қаражат қаржылық қолдауға, сондай-ақ қалпына келтіру үшін жүргізілетін құрылыс-монтаждау жұмыстарына немесе жаңа үй сатып алуға жұмсалады.

Қайырымдылық қор басшылығы бұл қадам мемлекет тарапынан қолдау шараларымен бірге, сондай-ақ барлық мүдделі азаматтар мен бизнес өкілдерінің қатысуымен адамдардың табиғи апаттың зардаптарынан тезірек сауығып кетуіне ықпал ететініне сенім білдірді.  

Фото: Баспасөз қызметінен

Фото: Баспасөз қызметінен

Еске салайық, бұған дейін Halyk Bank пен "Халық" қайырымдылық қоры тасқыннан зардап шеккен Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Атырау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Алматы, Павлодар, Ұлытау және Абай облыстарындағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қызметкерлердің бір күндік жалақысын қосқанда 1 млрд 445 млн теңге бөлген болатын. Сонымен қатар, "Халық" қорының құрылтайшысы Тимур Құлыбаев Атырау облысын қалпына келтіруге қосымша 30 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдаған. Осылайша, су тасқынына қарсы күреске 31.4 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.