Bugin
Фото: depositphotos
Күнделікті 8 сағаттық ұйқы адам ағзасы үшін маңызды. Дұрыс ұйқы – сәтті күннің кепілі. Bugin.kz порталы ұйқы туралы бірнеше деректерді ұсынады.
Ұйқы өмірді ұзартады. Күніне 6 сағаттан аз ұйықтайтын адамдарда жүрек-қан тамырлары және психикалық аурулардың даму қаупі жоғары. Дені сау ересек адамның ұйқы уақыты 6-9 сағатқа дейін болады.
Жеткілікті ұйқы сіздің салмағыңызға әсер етеді. Ұйқыңыз келмесе немесе жиі ояна берсеңіз, тәбет жоғарылайды. Сонымен қатар, түндегі мазасыздық ағзаға зиянын тигізіп, оған жауап ретінде кортизол гормоны бөлінеді.
Түнгі ұйқы кезінде иммундық жүйе қалыптасады және нығаяды. Сондықтан маусымдық суық тию мен тұмауды болдырмау үшін де ұйқыңызды қандырған дұрыс.
Ұйқы есте сақтауды, оқуды және шығармашылық қабілетті жақсартады. Біз ұйықтап жатқанда ми белсенді жұмыс істейді. Ол барлық жаңалықты ұзақ мерзімді жадта біріктіреді. Сондай-ақ, адам бір күн ішінде көрген қажет емес нәрселердің бәрін өшіреді.
Ұйқы шығармашылық шабытқа ықпал етеді. Ұйқы қанған болса, күні бойы энергияға толы боласыз. Дұрыс ұйқы сіздің эмоцияларыңызды басқаруға, істеріңізді жоспарлауға және белсенді өмір салтын ұстануға көмектеседі.
Сау және салауатты өмір сүру үшін, алдымен, ұйқыңызға көңіл бөліңіз.
Дереккөз: gnicpm.ru