Bugin
Фото: Баспасөз қызметінен
2024 жылдың 3-9 маусым аралығында ТМД , Балтық жəне Грузия елдерінің V Жастар театр форумы өтеді,- деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі.
Жастар форумы режиссура, драматургия, сценография жəне театр саласындағы дарынды, болашағынан үміт күтетін жас мамандарды біріктіреді. Осылайша ТМД елдерінің мəдениет жəне өнер саласындағы шығармашылық жастарының ынтымақтастық нысандарын кеңейтуге ықпал етеді. Форум кезеңінде білім беру бағдарламасы аясында шет елден келген режиссерлер мен драматургтер, кəсіби театр мамандары шеберлік сыныптарын ұсынады.
Мəдени астанамыз Алматы қаласына 9 елден: Əзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тəжікстан жəне Өзбекстаннан 35 жасқа дейінгі 200-ден астам режиссерлер, драматургтер, актерлер, сценографтар жəне театр сыншылары келеді. Алматы шаһары - театр кеңістігіндегі нағыз шығармашылық мамандардың бас қосатын масташбты алаңы болмақ.
Форумның басты мақсаты — театр əлеміндегі мəдени байланыстарды сақтау жəне дамыту, жас театр көшбасшыларын анықтау жəне біріктіру, осылайша ТМД елдерінің шығармашылық жастарының мəдениет пен өнер саласындағы ынтымақтастығының нысандарын кеңейтуге ықпал ету.
Театр өнерінің бұл мерекесі ұзақ шығармашылық процестің шарықтау шегі болып табылады, оның əртүрлі кезеңдерінде беделді халықаралық сарапшылар үздік спектакльдерді таңдап, суретшілер мен драматургтер форумына қатысу үшін конкурстық іріктеу өткізді. Форум аясында іріктеуден өткен спектакльдер көрсетіледі. Сонымен қатар, жоғарыда айтқандай суретшілер каталогтары мен жас драматургтердің пьесалар жинақтары, шеберлік сыныптары, семинарлар, танымал театр қайраткерлерінің дəрістері ұсынылады.
ТМД елдерінің бесінші жастар театр форумының бағдарламасы мəдени дəстүрлердің алуан түрлілігін көрсетеді . Форумның ашылуы -" Mamluk. Сұлтан Бейбарыс" спектаклімен басталады. Қойылым режиссері - Фархад Молдағали , алдыңғы IV Жастар театр форумының қатысушысы (2021, Өзбекстан), ТМД елдерінің бесінші жастар театр форумының ұйымдастыру комитетінің төрағасы.
Форум аясында 9 елден жас режиссерлердің 9 қойылымы ұсынылады. Кəсіби қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды . Үздік деп танылған ұжымға ақшалай сыйлықтар мен алтын, күміс жəне қола түріндегі естелік сыйлықтар беріледі. Форумда жүзден жүйрік танылған спектакль Мəскеуде өтетін А.П.Чехов атындағы XVII Халықаралық театр фестивалінің қатысушысы болады.