Bugin

Полицейлер оқушылар мен ата-аналарға үндеу жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

Ішкі істер министрлігі түлектер мен ата-аналарға үндеу жолдады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Министрлік өкілі 25 мамырда айтылған ескертулерге қарамай тәртіп бұзған оқушылар болғанын айтты.

"Бұрын хабарланғандай, "соңғы қоңырау" кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін әр мектепке жауапты полиция қызметкерлері бекітілді. Барлығы 10 мыңға жуық полицей және 2,5 мың қызметтік көлік жұмылдырылды. Ескертулерге қарамастан, бірқатар өңірде мектеп түлектері құқық бұзды", - делінген хабарламада.

Мысалы, Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Боранқұл ауылында түлектер арасында топтық жанжал болған.

"Полиция бұл оқиға  бойынша қылмыстық іс қозғады. Зардап шеккендер жоқ. Бұдан басқа, Алматы және Шымкент қалаларында, Алматы және Түркістан облыстарында автокөлік кортеждерінің жол жүрісі қағидаларын бұзу фактілері анықталды.

Кінәліліер жауапкершілікке тартылған.

"Барлық кінәлі жүргізушілер мен жолаушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ата-аналар мен түлектерді мінез-құлықтың қажетті нормалары мен ережелерін сақтауға шақырамыз", - деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.