Bugin
Фото: freepik.com
Өмірде сабын, кесек, бор жейтін адамдар кездеседі. Bugin.kz тілшісі бұл өнімдерді жейтін адамдар туралы ақпарат ұсынады.
Бор, сабын, кесекті кімдер жейді?
6 жасқа дейінгі балалар;
жүкті әйелдер;
психикалық ауытқуы бар адамдар;
тәуелді адамдар;
Жеуге болмайтын өнімдерді тұтынатын адам бұл іс-әрекетін жасырады. Олар бор, сабын, кесек жегені үшін ұялады. Сол себепті дәрігерге айтып, ағзаға қажетті витаминдерді толықтырмайды.
Адамдар жеуге болмайтын өнімдерді не үшін тұтынады?
Медициналық жағдай: жүкті әйелдер, анимияға шалдыққан адамдар;
Қоректік заттардың жетіспеуі; темір, калций, мырыш;
Аутизмге шалдыққан адамдар;
Күйзеліс;
Бор, сабын, кесек жеудің зияны қандай?
Қызығушылықпен аз мөлшерде жеу зиян емес. Бірақ тұрақты түрде тұтыну мәселе туындатады. Мысалы, асқазан-ішек жолдары зақымданады, инфекция пайда болады, салмақ қосады.
Дереккөз: "Лайфхакер" сайты