Bugin
Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі
Бокстан Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінде Мұхамедсабыр Базарбайұлы екінші жекпе-жегінде де жеңіске жетті, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Olimpic.kz сайтына сілтеме жасап.
Боксшы 63,5 келі салмақта сынға түсті. Ол түркиялық боксшы Мизан Айкөлді жеңді. Бұған дейін ол филиппиндік қарсыласы Кристиан Питт Лауреттені жеңген болатын.
Бокстан Қазақстан командасы жеті салмақтың алтауында жолдама алып үлгерді. Енді ерлер арасында бір жолдаманың мәселесі Таиландтағы соңғы іріктеу турнирінде шешіледі.