Bugin

Әкесінің атына несие рәсімдеген бойжеткен анықталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

ШҚО-да бойжеткен жасырын түрде әкесінің атына несие рәсімдеген, - деп хабарлайды Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Өскеменде қала тұрғыны полицияға алаяқтық туралы арызбен жүгінген. Ер адам банктердің бірінде оның атына несие рәсімделгенін көрген. Банк қызметкерлері берешектің жалпы сомасы шамамен 800 мың теңгені құрағанын айтқан. Жедел тексеру нәтижесінде, несиені арыз берушінің қызы алғаны анықталды. 

"Бойжеткен ақшалай несиені жауып тастаймын деген желеумен әкесінің телефонын алып, оның атына басқа тауарлық несие ресімдегені анықталды. Тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғады",- делінген хабарламада.

Күдіктіге төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостыдығын шектеу не бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін екені айтылды.