Bugin

Ресей Орталық Азиядағы бір елге атом электр станциясын салады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Ресей Өзбекстанда қуаты шағын атом электор станциясын (АЭС) салуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қазақстан Ұлттық арнасына сілтеме жасап. 

Ресей президенті Владимир Путин мен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Ташкенттегі келісімге қол қойды.

Құжатқа сәйкес, 2018 жылғы үкіметаралық келісімге өзгеріс енгізіледі. Бұған дейін екі ел жалпы қуаты 2,4 ГВт болатын екі блокты атом электр станциясы құрылысын талқылаған, бұл енді әрқайсының қуаты 55 МВт болатын қуаты шағын алты энергоблокқа дейінгі АЭС құрылысы боп өзгермек.

Путин Ресей билігі Өзбекстаннан келген мигранттарды лайықты еңбек жағдайымен қамтамасыз етуге және әлеуметтік жағынан қорғауға қажеттің бәрін істейді деп мәлімдеді.