Bugin
Фото: freepik.com
2024 жылы 28 мамырда Қарағанды облысында тас жол бойында жолаушылар автобусы отқа оранды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, оқыс оқиға Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында "Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" тас жолының 27 шақырымында болған.
"Жолаушылар автобусының мотор бөлшегі өртенген. Өрт кезінде автобуста 15 жолаушы болған, оның ішінде жеті бала көліктен өздігінен шыққан. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.
Оқыс оқиғаның басты себебі – электр сымдарының тұйықталуынан болған.