Bugin

Тиктокер Қазақстан туын шүберекке теңеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ekaraganda

Қазақстан туын қорлаған блогер жазаланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Түркістан облысының тұрғыны Қазақстан туын "шүберек" деп атаған.

Облыстық соттың мәліметінше, сотталушы 2024 жылдың сәуір айында өзінің телефон камерасына Сауран ауданы Ибата ауылындағы орталық көшедегі туды түсіріп алған.

"Сол күні ол TikTok әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында туы бар видеоны жариялап, “жоғарыға иліп қойыптыго таеульсздик тряпкасн" (“Жоғарыға іліп қойыпты ғой тәуелсіздік тряпкасын") деп жазған", — делінген сот хабарламасында.

Ер адамға “мемлекеттік рәміздерді қорлау" бойынша айып тағылып отыр.

Сот оны қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.