Bugin
Фото: Жоғарғы сот
Экс-министр Қуандық Бишімбаевты қорғаған адвокатқа қатысты қаулы шығарылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Астана сотының баспасөз қызметі әйелін өлтірген Қуандық Бишімбаевтың сот отырысында оның адвокаты Ерлан Ғазымжанов судья тарапынан бірнеше рет ескерту алғанын хабарлаған.
"Адвокат Ерлан Ғазымжанов іс жүргізу кодексінің талаптарын біле отырып, судья айтқан талаптарға бағынбай, сот отырысы залында тәртіпті бұзды. Осылайша, адвокат судьяға құрметсіздік танытып, сотқа немқұрайлы қарады. Адвокаттың атынан түскен жеке шағымның дәлелдері расталмады, өйткені төрағалық етуші судья ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі 57-бабының талаптарын сақтай отырып сот отырысын өткізді", - делінген сот хабарламасында.
Астана қалалық соты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 28 мамырдағы қаулысымен адвокат Е.Ғазымжановқа қатысты бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған. Яғни, адвокат Ғазымжановтың жеке шағымы қанағаттандырылмады.