Bugin
Фото: Бейнеден алынған / Бейнеу
Маңғыстауда кішкентай бала екінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Оқиға Бейнеу ауданында болған. 2020 жылы туған 4 жасар бала тұрғын үйдің екінші қабатынан құлап кетті.
ТЖ министрлігі баланың түрлі дене жарақаттарымен жергілікті ауруханаға жеткізілгенін, қазір дәрігерлердің бақылауында екенін хабарлаған.
Төтенше жағдайлар министрлігі кішкентай балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауға шақырады.