Bugin

Перу президенті пара алды деген күдікке ілінді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: dzen.ru / Перу президенті

Перу бас прокуратурасы ел президенті айыпталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы  Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Дина Болуартені пара алды деп айыптаған прокуратура, оның үстінен Конгресске конституциялық шағым жолдаған. Енді Конгресс шағымды қабылдаса, президент отставкаға кетуі мүмкін.

Президентке қарсы тергеу 10 мыңға жуық фотосуретті талдау нәтижесінде болған. Себебі президенттің 14 қымбат сағаты бар екені анықталыпты. Одан бөлек Дина болат пен қызғылт алтыннан жасалған Rolex сағатын таққан, оның құны 6000 доллардан 14000 долларға дейін жетеді. Ал Перу президентінің жалақысы шамамен 11 мың доллар.

Президент Rolex сағатын тағу үшін басқа шенеуніктен алғанын айтқан көрінеді.

Наурыз айының соңында президент резиденциясында тінту жүргізгеннен кейін Конгресстің 25 мүшесінен тұратын топ Булартеге импичмент жариялау туралы тергеуді бастады. Ол президент резиденциясын тінтуді "пропорционалды емес және қорлау шарасы" деп атап, отставкаға кетуден бас тартқан.

"Мен қызметке таза қолмен келдім, 2026 жылы президенттіктен кетемін", – деді президент.