Bugin

Бүгін қай өңірде үсік жүреді?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: photo.99px.ru

Қазгидромет 29 мамырда бірнеше өңірде үсік жүретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ауқымды антициклон Қазақстанның батыс және оңтүстік аудандарында ықпал етуде. Сол себепті күн жауын-шашынсыз, ашық болады.

Алайда ел аумағында бірнеше өңірде күн райы суытады.

Алматы облысының таулы аудандарында жаңбыр аралас қар жауады.

Синоптиктер болжамынша, Республика бойынша жел күшейіп, солтүстік, солтүстік-батыста бұршақ, батыс, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрып, шығыста түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.

Ал Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында, Абай облысының батысы, шығысы, Ақтөбе облысында топырақ бетінде 2-3 градус аяз үсік болады деген болжам бар.

Қостанай облысында, Атырау облысының оңтүстігінде, Қызылорда облысында, Батыс Қазақстан облысының батысы, оңтүстік-батысы және орталығында, Жетісу облысының шығысында, Жамбыл облысының батысы мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталмақ.

Түркістан облысының шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталатыны анықталды. Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысының батысында, Атырау облысының батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.