Bugin

Су тасқыны: Жайық өзеніндегі жағдай қандай?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Жайық өзені. Атырау облысы жедел штабынан

Атырау облысының төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы Жайық өзеніндегі су деңгейі бойынша  29 мамыр сағат 08:00-дегі мәліметті жариялады,-деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі.

Индербор ауылында су кешегіден  6 см-ге төмендеді. Шекті деңгейі  –  845 см болса, қазір су деңгейі  – 962 см.  Махамбет ауылында су деңгейі 2 см-ге төмендеді. Судың шекті деңгейі   – 850 см болса, қазір су деңгейі  – 1018 см.  Атырау қаласында су деңгейі өзгеріссіз. Шекті су деңгейі  –  550 см болса, қазір  су деңгейі  – 600 см.  Жаңаталап ауылында су 1 см-ге төмендеді. Жаңаталапта су шекті деңгейге жетпеген. Еркінқала ауылында су 1 см-ге төмендеді. Алайда мұнда да су деңгейі шекті деңгейден төмен.