Bugin
Фото:depositphotos
Батыс Қазақстан облысында әйелі күйеуін пышақпен жарақаттаған. Осы оқиғадан соң екеуі некені сақтап қалуға шешім қабылдады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
"Мой город" мәліметіне сәйкес, Батыс Қазақстан облысының тұрғыны күйеуін бүйрегінен пышақтаған.
"Іс деректерінен анықталғандай, сотталушы күйеуімен жанжалдасып, оның оң жақ бүйрегінен асхана пышағымен ұрған. Әйел өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінді", - деп жазды "Мой город" телеграм арнасы.
Ерлі-зайыптылар қатты жанжалдан кейін ажыраспады. Олар некелерін сақтап қалуды шешті.
Сот әйелді үш жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті. Үкім заңды күшіне енді.