Bugin

"Туған қызын шырылдатып зорлаған": үйіне келген әйел күйеуінің қылмысына куә болған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Танымал заңгер, Human rights lawyers қорының жетекшісі Ләззат Рақышева желідегі парақшасына сұмдық оқиға туралы жазды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі оның парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Әйел бұрынғы күйеуімен 2010 жылы танысқан. Олар отбасы құрып, 4 балалы болады. Хат авторының 3 ұл, 1 қызы бар екен. 2020 жылы 10 қазанда әйел үйіне келгенде, жаншошырлық жайттың куәсі болады.

Көзімен көрген көрінісі туралы хат авторы:

"Кешкі сағат 06:30 шамасында өзімздің үйімізде қылмстық істің үстінен түстім. Яғни күйеуімнің 8 жастағы туған қызын шырылдатып зорлап жатқанының үстінен түстім. Біздің ортақ төрт баламыз бар. Жәбірленуші – бір тал қызымыз.  Дел-сал күй кештім. Ертеңіне зорға  ес жинап, үйге полиция шақырдым. Ол сол күні-ақ қашып кетті. Екі күннен кейін полициямен бірге іздеп тауып, қамадық.
Осылай тергеу аяқталып, іс сотқа жіберіледі. 2021 жылы көктемде аудандық прокуратураға тергеуші екеуі мені шақырды. Әкесі Қытайда еді, сол жақтан шағым жазған екен. Адвокаты сотқа қатысты. Сот арыздарын қабылдамады. 2021 жылдың маусым айында ол 20 жылға сотталды. Аппеляциялық арызы қабылданбады. 2021 жылдың қыркүйек айында үкім күшіне енді",-деп жазған.

Өкініштісі оқиға мұнымен аяқталмаған. Әйелдің сотталған күйеуінің әкесі немерелерімен кездесуді талап еткен. Хат иесі келісіп, кездесуге рұқсат берген. Бірақ балаларға қарт кісі анасын жамандап, баласының жазықсыз түрмеде отырғанын айтқан. Балалардың анасы не істерін білмей, заңгерден көмек сұраған.