Bugin
Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Ұлттық қауіпсіздіқ комитетінің қызметкерлері терроризмді насихаттады деген күдікпен екі шетелдік азамат қамауға алынды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
"28 мамырда Алматыда прокуратураның келісуімен және полицияның көмегімен "терроризмді насихаттады" деген күдікпен екі шетелдік азамат ұсталды", - деген ҰҚК баспасөз қызметі.
Тергеу мәліметтері бойынша, олар бұрын шетелде ұзақ уақыт тұрып, сол жақта радикалды діни идеологиямен айналысқан. Қазақстанға биыл келген, тұрақты жұмысы болмаған.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.