Bugin

Ақмолада жұмбақ жағдайда қаза болған студенттің өліміне айыптылар жазаланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Студенттің өліміне қатысы бар деп күдікке ілінген 11 адамға сот үкімі шықты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі "Қазақстан" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Сотталушыларға бопсалау, бұзақылық жасау, жәбірленушіні өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу дерегі бойынша айып тағылды. Сот шешімімен Бурабай ауданының 10 тұрғыны 4 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Бір күдікті  кәмелет жасқа толмағандығына  байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Сондай-ақ, сотталушылар жәбірленуші отбасыға 4 миллион теңгеден астам қаржы көлемінде моральдық және материалдық шығынды өтеді.

Қылмыс өткен жылы күзде жасалған. 19 жасар Роман Бодаговтың денесі "Бурабай-Жамантұз" курорты аралығындағы теміржол рельсінен табылған. Кейін аталған іс бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жедел-тергеу тобы құрылған еді.