Bugin
Фото: ТЖМ
Құлсарыдағы Қамыскөл көлінен 23 мамыр күні жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Orda телеграм арнасына сілтеме жасап.
Құтқарушылар мен туыстары жоғалып кеткен 33 жастағы ер адамды алты күн бойы іздеді. Ата-анасының айтуынша, ол балық аулауға кетіп, оралмаған.
Бүгін (29 мамыр) ер адамның денесі көлден (қаладан он бір шақырым жерде) табылды.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды.