Bugin

Оқуға түсіремін: елімізде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Астанада жоғары оқу орнына түсіруді уәде етіп, алаяқтық жасағандар ұсталды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, елорда тұрғыны полицияға хабарласып, алаяқтың құрбаны болғанын хабарлаған. Бейтаныс ер адам оқуға түсуге көмектесетінін айтып, 200 мың теңге алған. Бірақ із-түзсіз жоғалған. 

"Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Алматы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктінің кім екенін анықтады. Ол 30 жастағы ер адам болып шыққан. Анықталғандай, алаяқ өзінің байланысының бар екенін алға тартып, төмен балл жинағанына қарамастан талапкерге жоғары оқу орнына түсуге көмектесемін деп уәде берген", - делінген хабарламада. 

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.