Bugin
Фото: Видеодан алынған скриншот
№52 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушы суға батып бара жатқан бес жасар баланы құтқарып қалды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
12 мамыр күні сағат 11:00 шамасында Марлен Көшербайды қарындасы оятып, өзенге бір баланың батып бара жатқанын айтқан. Ол тез арада өзенге барып, баланы құтқарып қалды.
Бүгін Марленді көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Астана қаласы білім басқармасы мен ТЖ департаменті атынан марапаттады.