Bugin
Фото: freepik.com
Алаяқтар азаматтарға қоңырау шалып, өзін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкері ретінде таныстыра бастаған, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Антикорға сілтеме жасап.
Антикор мәліметінше, алаяқтар азаматтарға әлеуметтік желілер арқылы жалған аккаунттар құрып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері мен басшылығының атынан қоңыраулар шалған. Олар жалған ақпарат таратқан.
"Жалған ақпараттарға сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, сондай-ақ қаражат аудармауға шақырамыз. Осындай жағдайларға кездескен кезде, құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз", - делінген хабарламада.